Жалпыұлттық аза тұту күні флешмоб ұйымдастырғандар жазаланбайды

4996

Флешмобқа медицина қызметкерлері қауымдастығы ұйытқы болған.  

Жалпыұлттық аза тұту күні флешмоб ұйымдастырғандар жазаланбайды

Осыдан 2 күн бұрын елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланып, коронавирус індетінен қаза тапқан адамдар еске алынғанда, Шымкент қаласының  дәрігерлері көше бойында флешмоб өткізді. Бұл бастама көпшіліктің наразылығын туғызды. Бүгін осы оқиғаға байланысты Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова түсініктеме берді.

Оның сөзінше, Шымкент дәрігерлерінің флешмобына медицина қызметкерлері қауымдастығы ұйытқы болған. 

"Денсаулық сақтау министрлігі індет құрбандарын еске алуға арналған мұндай флешмобқа бастамашы болған емес. Дәрігерлердің флешмобқа шығуы туралы бастама медицина қызметкерлері қауымдастығы тарапынан орын алған. Денсаулық сақтау министрлігі ретіндегі біздің міндетіміз –санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз ету. Біз адамдар арасында қандай әлеуметтік арақашықтық болуы керектігін, маска тағу режимінің сақталуы керектігін еске салдық", – деді вице-министр.

Бұдан кейін ол Жалпыұлттық аза тұту күні флешмоб ұйымдастырғандар жазаланбайтынын жариялады. 

"Меніңше, бұл жерде жаза тағайындау туралы мәселе болмауы керек", – деді Людмила Бұйрабекова.

 


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу