Жәмилә Бақбергенова Албанияда өткен рейтингілік турнирде алтын медаль иеленді

134

Финалда Жәмилә Бақбергенова қырғызстандық балуанды тізе бүктірді. 

Жәмилә Бақбергенова Албанияда өткен рейтингілік турнирде алтын медаль иеленді

Албания астанасы Тирана қаласында Мұхамет Малоны еске алуға арналған күрес түрлерінен халықаралық рейтингілік турнир өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова 72 келі салмақта топ жарып, алтын медальді қанжығасына байлады.

Тәжірибелі балуан жарыс жолын сенімді бастады. Жартылай финалда үндістандық Дикша Маликпен белдескен Жәмилә қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 10:0 есебімен айқын басымдық танытты. Осылайша, отандасымыз финалға жолдама алды.

Шешуші белдесуде қазақстандық спортшы қырғызстандық Нұрзат Нұртаевамен кездесті. Финалдық айқас аса тартысты басталғанымен, Жәмилә бірінші кезеңнің алғашқы жартысында қарсыласын 14:3 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Бұл жеңіс Қазақстан әйелдер құрамасы үшін Тиранадағы турнирдегі үшінші алтын медаль болды. Бұған дейін 50 келіде Зейнеп Баянова мен 55 келіде Лаура Алмаганбетова жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген еді. Сондай-ақ 57 келіде Нилуфар Раимова және 76 келіде Гүлмарал Еркебаева қола жүлдеге ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу