Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері атанды

293

Ол 72 келіге дейінгі салмақтың финалында жапон палуаны Ами Ишимен күш сынасып, аса тартысты белдесуде есе жіберді. 

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері атанды Фото: ҰОК

Отандасымыз Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл - 28 жастағы бозкілем шеберінің ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы төртінші медалі. Жәмила - 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградта күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.

Айта кетейік, Бақбергенова кеше Тирана төрінде молдовалық, содан соң чех және моңғолиялық қарсыласпен күш сынасып, жеңіске жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу