Жәмилә Бақбергенова беделді халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

132

Бұл көптеген балуандар үшін маусым алдындағы басты жарыстардың бірі саналады.

Жәмилә Бақбергенова беделді халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық спортшы кезекті мәрте халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетті. Ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі Жәмилә Бақбергенова Ресейдің Красноярск қаласында өткен беделді халықаралық жарыс - Иван Ярыгин кубогының алтын жүлдесін жеңіп алды.
Отандасымыз дәстүрлі турнирде 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалға дейін сенімді жетті. Ал шешуші белдесуде Жәмилә моңғолиялық балуан Болртунгалаг Зоригтты жеңіп, чемпион атанды.

Үшінші орын үшін өткен белдесулерде Нұрзат Нұртаева (Қырғызстан) мен Ксения Буракова (Ресей) қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Иван Ярыгин кубогы - еркін күрес әлеміндегі ең беделді халықаралық турнирлердің бірі. Жарыс екі дүркін Олимпиада чемпионы, аңыз балуан Иван Ярыгиннің құрметіне ұйымдастырылады және жыл сайын әлемнің мықты спортшыларын Красноярск қаласына жинайды.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста тек бір алтынмен шектелмеді. Бұған дейін 55 келіге дейінгі салмақта Лаура Алмағанбетова, ал 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова финалға дейін жетіп, күміс жүлде еншілеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу