Әйелдер күресінен 72 келі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің бірінші нөмірлі спортшысы, қазақстандық Жәмилә Бақбергенова Венгрияда өткен рейтингілік турнирде күміс жүлдеге ие болды.
Жәмила бақ сынаған салмақ дәрежесінде барлығы алты балуан ғана тіркелгендіктен, жарыс ұйымдастырушылары айналмалы жүйе бойынша кездесулер өткізу туралы шешім қабылдады. Турнир жеңімпазы барлық белдесулердің қорытындысы бойынша анықталды.
Бақбергенова Франциядан келген Паулин Лекарпенье мен Ресей спортшылары Кристина Бартчикова және Ксения Бураковадан басым түсті. Алайда шешуші белдесуде үндістандық Харшита Харшитадан жеңіліп, нәтижесінде екінші орынды қанағат тұтты.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында үш жүлде - бір күміс және екі қола бар.