Жаңа кәсіп атласы әзірленіп жатыр

2348

Маман дайындаудың 480 кәсіптік стандарты бекітілді.  

Жаңа кәсіп атласы әзірленіп жатыр

Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев 2019 жылы "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы  660 мың адам жұмыспен қамтылғанын мәлімдеді.

"424 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 65%-ы тұрақты жұмыс орны. 58 мың адам микронесие мен тегін грант алды", – деді Бердібек Сапарбаев. 

Оның сөзінше, былтыр еліміздегі жұмыссыздық 0,1%-ға қысқарған. 

"Халыққа ыңғайлы болу үшін үкімет 83 мобильді және 54 жекеменшік жұмыс орталығын халықты жұмыспен қамтуға жұмылдырды. Нәтижесінде жұмысссыздық 2018 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға азайды", – деді үкімет басшысының орынбасары. 

Бердібек Сапарбаевтың сөзінше, еңбек нарығының талаптарына сәйкес мамандарды дайындау үшін 480 кәсіптік стандарт бекітілген. 

"11 мың аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды кәсіпкерлікпен айналысуға тарту мақсатында несиенің мөлшерлемесі 6-дан 4%-ға азайтылып, мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұзартылды", – деді ол. 

Оның айтуынша, бұдан былай кәсіптік оқу тек жұмыс берушілердің тапсырысына байланысты жүргізіледі. 
"Жаһандық өзгерістерді ескере отырып 2025 жылға дейін еңбек нарығын дамытудың болжамын, жаңа кәсіп атласын әзірлеп жатырмыз", – деді  Бердібек Сапарбаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу