Жаңа қаулы: Оффлайн жұмыстағы ұжымдардың бәрі екпе алуға міндеттеледі

1719

Бұл тәртіп 2 шілдеден, яғни ертеңнен бастап күшіне енеді. 

Жаңа қаулы: Оффлайн жұмыстағы ұжымдардың бәрі екпе алуға міндеттеледі

Тиісті қаулыға бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов қол қойды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жаңа қаулысына сәйкес, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, "Атамекен" ҰКП (келісімі бойынша), ұлттық компаниялардың, ұйымдардың басшыларына 15 шілдеге дейін вакцинаның бірінші компонентімен, ал 15 тамызға екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастыруды жүктеді. 

"COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін", делінген 2 шілдеде күшіне енетін қаулыда.

Бұл тәртіп қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, адвокат, нотариустарға қатысты болып отыр.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.
 
Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу