Жаңа маусым Исламхан соққан голмен басталды

1235

1-тур аясында 4 кездесу өтті.

Жаңа маусым Исламхан соққан голмен басталды Фото: kazfootball.kz

4 наурызда Премьер-Лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының жаңа маусымы басталды. ҚПЛ-2023 алғашқы матчында "Ордабасы" мен "Каспий" өзара мықтыны анықтады. Шымкентте өткен кездесу 3:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

16-минутта "Ордабасы" сапынан Бауыржан Исламхан алаңға шығып, жаңа маусымдағы бірінші голдың авторы атанды. 49-минутта Асхат Тағыберген есепті еселей түсті. Ал "Ордабасыға" жаңадан келген өзбекстандық Бобур Абухоликов есепті 3:0-ге жеткізді. 71-минутта Георгий Панцулая шымкенттік клуб қақпасына бір гол соқты. Айта кетейік, шымкенттік клуб матчты соңына қарай он адаммен қалды. 81-минутта Сергей Малый қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші турында "Ақтөбе" талдықорғандық "Жетісуды" ұтты. Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына аяқталды. 83-минутта шешуші голды Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов соқты. Келесі турда 9 наурыз күні "Ақтөбе" өз алаңында "Оқжетпесті" қабылдаса, "Жетісу" өз алаңында "Астанамен" ойнайды.

Қостанайлық "Тобыл" футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші турында павлодарлық "Ақсудан" басым түсті. Қостанайда өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. 9-минутта "Тобыл" сапынан Милан Вукадинович есеп ашты. 59-да Ислам Чесноков есепті еселей түсті. 66-шы минутта қонақтар сапынан Тони Сильва доп айырмашылығын қысқартты. Ал қосымша уақытта Серж Дебле ойынның нүктесін қойды. Осылайша "Тобыл" үш ұпайды еншіледі. Келесі турда 10 наурыз күні "Тобыл" сырт алаңда "Каспиймен" ойнаса, 9-наурыз "Ақсу" өз алаңында "Қайратты" қабылдайды.

Бірінші турда елордалық клуб өз алаңында қарағандылық "Шахтерді" 2:1 ұтты. 3-минутта-ақ Владислав Прокопенко астаналықтарды алға шығарса, 22-минутта трансферлік құны 2,5 миллион еуроға бағаланған Дембо Дарбо ҚПЛ-дағы дебюттік голын соғып, алаң иелерінің басымдығын еселей түсті. 33-минутта Шыңғыс Флюк есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен ойын соңына дейін қонақтар гол соға алмай, матч елордалықтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу