Жаңа Премьер-Министр тағайындалды

2199

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайылов бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жаңа Премьер-Министр тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министр қызметіне Әлихан Смайылов тағайындалды.

Депутаттар бірауыздан Президенттің ұсынысын қолдады.

Әлихан Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған. 
1996 жылы – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды. 
1993-1999 жылдары – "А-Инвест" инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы, бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы, ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары, бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған. 
1999-2003 жж. – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы. 
2003-2006 жж. – ҚР сыртқы істер вице-министрі, "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы. 
2006-2009 жж. – ҚР қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" ҰБХ президенті. 
2009-2014 жж. – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы. 
2014-2015 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы. 
2015-2018 жж. – ҚР Президентінің көмекшісі. 
2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін – Қаржы министрі. 
2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.  
2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу