Ол өзінің Рим Папасы ретіндегі есімін Лев XIV екенін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Понтифик Сикстин капелласының балконында көп ұзамай көрінді – бұл Ватикандағы Әулие Петр алаңының үстінде ақ түтін көтерілгеннен кейін болды, ол конклавтағы дауыс берудің сәтті өткенін білдіреді.
Дауыс берудің төртінші мүмкіндігінде Рим Папасы сайланып отыр.
Бұл жолғы конклавқа әлемнің 70 елінен рекордтық көрсеткішпен – 133 кардинал қатысты.
Жаңа понтификті сайлау үшін кардиналдар дауыс беру рәсімін 4 рет өткізді.
Осыған дейін Сикстин капелласының мұржасынан қара түтін екі рет шыққан еді: сәрсенбі күні кешкісін және бейсенбі күні таң ата. Бұл уақытта дауыс беру шарасы өткен еді.
Айта кетейік, Рим Папасы Франциск өткен айда жүрек ұстамасынан қайтыс болған еді.