Жаңа Зеландияда жанармай тапшылығына байланысты көлік пайдалануға шектеу енгізіледі

215

Талапты орындамағандарға айыппұл салынуы мүмкін. 

Жаңа Зеландияда жанармай тапшылығына байланысты көлік пайдалануға шектеу енгізіледі Фото: morethangames.co.uk

Жаңа Зеландия билігі жанармай тапшылығы қаупіне байланысты автокөліктерді пайдалануға уақытша шектеу енгізу мүмкіндігін пысықтап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

Жаңа Зеландияның қаржы министрі Никола Уиллис үкімет 1979 жылы қабылданған заңды қайта қарастырып жатқанын айтты. Бұл заң бойынша жүргізушілер аптасына бір күн көлік жүргізбеуге міндеттелуі мүмкін. Ережені бұзғандарға айыппұл салу көзделіп отыр.

Аталған заң Ирандағы ислам революциясынан туындаған жанармай тапшылығынан кейін енгізілген болатын. Ол 1979 жылдың шілдесінен 1980 жылдың мамырына дейін қолданылып, елдегі жанармай тұтынуын шектеуді мақсат еткен.

Атқарушы билікті әуе тасымалы саласындағы жағдайға да алаңдап отыр. Жанармай бағасының қымбаттауына байланысты Air New Zealand алдағы екі ай ішінде ішкі рейстердің шамамен 5%-ын қысқартуды жоспарлап отыр.

Жаңа Зеландия жанармайдың басым бөлігін шетелден импорттайды. Иран–Израиль соғысы басталғалы бері елде бензин бағасы шамамен 10%-ға, ал дизель бағасы 20%-дан астамға көтерілген. Бұл туралы Gaspy деректерінен белгілі болды.

Жаңа Зеландияның энергетика министрі Шейн Джонс елдегі жанармай қоры шамамен 50 күнге жететінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу