Жанармай бекетіндегі қонақүй: Qazaq Oil Қазақстанда саяхат мәдениетін өзгертіп жатыр

563

Елдегі жол сапарлар ыңғайлы бола түсуде. 

Жанармай бекетіндегі қонақүй: Qazaq Oil Қазақстанда саяхат мәдениетін өзгертіп жатыр Фото: Qazaq Oil

Жолдар дамыған сайын жаңа инфрақұрылым да пайда болып жатыр. Бұл сапарлардың үйреншікті қалпын өзгертуде. Бұдан былай жанармай бекетіне аялдау көлікке жанармай құю немесе кофе ішуден ғана тұрмайды, сонымен қатар заманауи жағдайда толыққанды демалып алуға да мүмкіндік сыйлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Qazaq Oil компаниясы Жамбыл облысына қарасты Ақтоған ауылында Keruen Inn атты алғашқы жол бойындағы қонақүйін ашты. Бұл – жанармай, тамақтану және тұру қызметтерін бір орынға біріктірген жаңа форматтағы сервис. 

Жүргізушілерге арналған тың формат

Keruen Inn қонатын жер ғана емес. Жалпы аумағы 900 шаршы метр болатын қонақүйде 31 нөмір орналасқан. Оларда жеке жуыну бөлмелері мен әжетханалар, спутниктік теледидар мен Wi-Fi бар. Әр бөлме шай ішуге арналған жиынтықтар және гигиеналық заттармен де қамтылған. Бұған дейін қалалық қонақүйлерге ғана тән болған жайлылық енді жол бойында да қолжетімді.

Қонақүйдің қасында күзетілетін автотұрақ, супермаркет, жазғы террасасы бар дәмхана, кір жууға арналған орын, намазхана және электромобильді қуаттауға арналған станция бар. Осылайша сапарда жүрген жолаушылар үшін ыңғайлылық та, қауіпсіздік те қарастырылған. Олар діттеген бағыттарынан ауытқымай-ақ, аялдайтын жерді жоспарлап, тынығып ала алады. 

Қалалар арасында жиі сапарға шығатын көлік иесі Эльдар Мақсат өз әсерімен бөлісті.

"Бұл мен үшін өте ыңғайлы. Әдетте ұзақ жолдан кейін аялдайтын жер іздеймін. Кей жерлерде жағдай болмаса, енді бірінде көлік қоюға арналған орын сай болмауы мүмкін. Ал мұнда көлікке жанармай құйып, тамақтанып, ыңғайлы бөлмеде ұйықтап алуға болады. Бұл – қызмет көрсетудің мүлде басқа деңгейі", – деді ол.

Дамудың логикасы

"Біз үшін жанармай құю бекеттерін ғана емес, жолаушыларға қажеттінің бәрі қолжетімді болатындай тұтас инфрақұрылымды қалыптастыру маңызды. Бірінші қонақүйдің іске қосылуы соңғы алты жыл ішінде Qazaq Oil экожүйесін дамытуға салып жатқан күш-жігеріміздің жалғасы іспеттес", – деп түсіндіреді Qazaq Oil компаниясының бас директоры Тулемис Шотанов.

Қазір компания фирмалық дизайны мен цифрлық шешімдері бар заманауи жанармай құю бекеттерін ғана емес, Q-Cafe кофеханаларын, Tulpar энергетигі, Q-Tea шайы және Q-Lemonade лимонады секілді өз брендтерін қамтып отыр. Компанияның стансаларында электромобильді қуаттап, пластикті қайта өңдеуге тапсыруға, азық-түлік, киім-кешек, кітаптар мен балалар ойыншықтары сатып алуға да болады.

Енді қонақүй бизнесіне де қадам жасалып отыр. Осы тұста Keruen Inn қонақүйінің құрылысын PetroRetail PFS компаниясы жүргізгенін тілге тиек ету керек. 

"Keruen Inn – жол бойындағы 60 заманауи қонақүйден тұратын желінің алғашқы қадамы. Қазір Астана-Алматы және Батыс Еуропа-Батыс Қытай бағыттарында тағы төрт нысанның құрылысы қатар жүріп жатыр. Мақсат – еліміздің негізгі көлік жолдарында жаңа деңгейдегі сервистен тұратын ыңғайлы әрі қолжетімді қонақүйлер желісін құру", – деді компанияның бас директоры Бекжан Мұхтасіфұлы.

Келешегі бар бастама

Keruen Inn – бір реттік жоба емес, жол бойындағы сервисті дамытуда жаңа тараудың бастауы. Qazaq Oil 2025 жылдың аяғына дейін негізгі бағыттарда тағы төрт қонақүй ашуды жоспарлап отыр. Бұл мыңдаған жүргізуші үшін сапарға шығудың жаңа деңгейі деген сөз. Алдағы аялдамаларда қауіпсіздік пен жайлылық күтіп тұрғандықтан, діттеген бағытты алаңдамай құруға болады. 

Осылайша енді Қазақстандағы жол А мен Б нүктелерінің арасындағы қашықтық қана болмайды. Осындай жобалардың арқасында ол демалысқа, қамқорлыққа қажет және заманауи деңгейдегі сервисі бар орыннан тұратын саяхаттың бір бөлшегіне айналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу