banner

Жандос Бижигитов "Астанада" өнер көрсетуін жалғастырады

2383

Қазақ велошабандозы Жандос Бижігітов "Астана" командасында тағы бір маусым өнер көрсететін болды. Жуырда ғана шабандозбен келісім 2020-жылдың соңына дейін ұзартылды.

Жандос Бижигитов "Астанада" өнер көрсетуін жалғастырады

- Бұл менің "Астана" сапындағы үшінші маусымым. Жылдың алғашқы жартысында мен жарыс барысында өскенімді байқадым. Жақсы нәтижелерге жетуге сәл жетпей жатқанын түсініп жүрмін. Дегенмен, команда үшін қызмет етіп келемін. Мысалы, "Оман туры", "Тиррено-Адриатико" секілді жарыстарда әріптестерімнің жеңіске жетуіне бар күшімді салдым. Сондай-ақ Азия чемпионатында команда құрамында болдым. Ол жарыс Қазақстан құрамасы үшін өте маңызды болды. Себебі, келер жылы жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Сондықтан да, мен Қазақстан құрамасының қоржынына ұпай салуға тырысамын. Себебі, Токиода өтетін додаға ел намысын қорғап барсам ба деп отырмын, - деді Жандос Бижігітов.

Жандос Бижиігітов, 28 жаста, Әлемдік тур командасы "Астанада" 3 маусым өнер көрсетуде. В 2017 жылы ол жекелей сындағы Қазақстан чемпионатын жеңді, Азия чемпионатында топтық кезеңде қола жүлдегер атанды және "Джиро д’Италия" жарысына алғаш рет қатысты. 2017 мен 2019 жылдар Қазақстан құрамасымен бірге Азияның командалық жарысында топ жарды. 2019 жылы ол "Оман турында" Алексей Луценконың жеңімпаз атануына септігін тигізді. "Тиррено-Адриатико" жарысында Якоб Фульсангтың жеңімпаз атануы мен Мерхави Құдыстың "Түркия президенті турында" жүлдегер атануына Жандостың қосқан үлесі зор.

Осы күндері Бижігітіов "Бинк Банк Туры" жарысына қатысып жатыр.

- Жандос 3 жылдың ішінде қыруар шаруа тындырды. Ол команданың маңызды бөлшегіне айналып үлгерді. Жандос қатысқан бірнеше жарыс "Астана" командасы үшін табысты болып жатты. Бидігітовтің біздің командада қалғаны дұрыс. Бір жылдың ішінде ол алға жылжып, дамуға бет алады деген ойдамын, - деді Александр Винокуров.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу