Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 100 боксшысы қатарына енді

81

Жәнібек Әлімханұлы рейтингте 29-орынға жайғасты. 

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 100 боксшысы қатарына енді

АҚШ-тың халықаралық спорттық медиа-компаниясы ESPN 2025 жылғы әлемнің үздік 100 боксшысының тізімін жариялады. Жаңартылған тізімге қазақстандық былғары қолғап шебері, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы да енді.

Америкалық Теренс Кроуфорд (42-0, 31 KO) жылдың ең үздік боксшысы атанды. Ол қыркүйекте мексикалық жұлдыз Сауль "Канело" Альвареспен (63-3-2, 39 KO) кездескен болатын. 38 жастағы америкалық абсолютті әлем чемпионы атағы үшін екінші орта салмаққа көтерілді.

Екінші орын жапон боксшысы Наоя Иноуэге (31-0, 27 KO) бұйырды. Биыл ол "Монстр" деген лақап атымен үш жарқын жекпе-жек өткізді. Енді ол жыл соңында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында мексикалық Алан Давид Пикассоға (32-0-1, 17 KO) қарсы жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Ол кореялық Ким Йе-Джунды (22-3-2, 14 KO) және америкалық Рамон Карденасты (26-2, 14 KO) нокаутпен, ал өзбек боксшысы Муроджон Ахмадалиевті (14-2, 11 KO) ұпай саны бойынша жеңді. Осылайша, Иноуэ жеңіл салмақтағы чемпион екенін көрсетті.

Үшінші орын украиналық Александр Усикке (24-0, 15 KO) бұйырды. Шілдеде ол ауыр салмақтағы үстемдігін тағы дәлелдеп, британдық Даниэль Дюбуды (22-3, 21 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңіп, абсолютті чемпион атағын қорғады.

Допинг-тестінен сүрінгеніне қарамастан Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) әлемдік бокс элитасында қалды. Ол рейтингте 29-шы орынға жайғасты. Сарапшылар Қазақстан боксшысын тізімге қосуды дұрыс деп санайды. Бірақ бұл шешім дау тудырған.

"Желтоқсан айында допинг-тестінен өтпей қалған кезде Жәнібек Әлімханұлының беделіне нұқсан келді. 15 қарашада антидопинг агенттігі (VADA) өткізген тестте оның ағзасынан тыйым салынған зат анықталды. Сол себепті ол Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жектен шеттетілді. Жәнібек Әлімханұлы осы тізімдегі жұмбақ боксшы. Өйткені ол әлемдегі үздік орта салмақтағы боксшы сияқты көрінді. Алайда допинг-тесттен өте алмады. Бұл тест оның Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізуіне де кедергі болды", – деп жазады рейтинг авторлары.

Сыни пікірлерге қарамастан, ТОП-100 боксшы қатарына енуі Жәнібек Әлімханұлы үшін тамаша жаңалық екені сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу