Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына қосылды

296

Boxingscene.com тілшісі Стивен Эдвардс салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең мықты боксшыларының тізімін жасаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына қосылды Фото: Жеке парақшасынан

Жеке көзқарасқа негізделген рейтингке WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) да кірді. Ол 20-орында тұр.

P4P-рейтингінің көшбасшысы ретінде Эдвардс америкалық былғары қолғап шебері Теренс Кроуфордты (41-0, 31 КО) таңдаған.

Сонымен қатар, үздік бестікке украиналық Александр Усик (23-0, 14 КО), жапониялық Наоя Иноуэ (29-0, 26 КО) мен ресейлік боксшылар Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) және Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) кірді. Ал әлемдік бокстың бет-бейнесі саналатын мексикалық Сауль Альварестің (62-2-2, 39 КО) рейтингіде 8-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу