Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кубалық боксшы Эрисланди Лараны (31-3-3, 19 KO) бірнеше рет жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Бірақ кубалық келмеген соң, оны "қорқақ" деп айыптады.
Лара бүгін АҚШ-та Альварес – Берланга жекпе-жегінің картында жұдырықтасып, Дэни Гарсияны жеңген болатын. Оның еншісінде WBA чемпиондық белбеуі бар.
"Лара менімен ешқашан жұдырықтаспайды. Өйткені мен онымен рингте не істейтінімді жақсы біледі. Әдетте чемпиондар чемпионды жекпе-жекке шақырады. Ал, Лараның мені жекпе-жекке шақыруға батылы жетпейді", – деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, қазақ боксшысы кубалықты соңғы бірер жылдан бері жекпе-жекке шақырып келеді. Алайда, Эрисланди Лара Жәнібекке мүлдем жауап бермеген.