Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылып қалуы мүмкін

267

Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джахай Такер кезекті жекпе-жегін Қазақстанда өткізгісі келетін айтты.  

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылып қалуы мүмкін Фото: Жеке парақшасынан

Америкалық боксшы Джахай Такер осындай күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17 жеңіс, 0 жеңіліс, 12 нокаут) жұдырықтасуға ниетті екенін жеткізді.

– Жәнібекпен 24 не 25 жасқа толмай тұрып-ақ кездескім келеді. Қазақстанға барып, оның чемпиондық белбеулерін тартып алып, үйге жеңіспен оралғым келеді, – деді 22 жастағы Такер Tha Boxing Voice басылымына берген сұхбатында.

Джахай Такер соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Лас-Вегаста өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен британиялық Трой Уильямсонды (20 жеңіс, 4 жеңіліс, 1 тең) жеңіп шықты.

Дәл сол күні Астанада өткен кездесуде Жәнібек Әлімханұлы француз Анауэль Нгамиссенгені (14 жеңіс, 1 жеңіліс, 9 нокаут) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF белбеулерін сәтті қорғады.

Айта кетейік, Әлімханұлы қазір WBC чемпионы, доминикалық Карлос Адамеспен кездесуге ұмтылып жүр.

Бірақ, әзірге бұл жекпе-жек нақты келісілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу