Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичке қарсы өтетін жекпе-жек алдында жаттығу залынан суретімен бөлісті.
"Менен тек чемпиондардың қорыққанын қаламаймын. Рейтингтегі бірінші және екінші нөмірлер де менен қорыққанын қалаймын. 13 шілдеде жыл нокаутын көрсетемін", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Былғары қолғап шеберлерінің текетіресі 13 шілдеде (Қазақстанда 14 шілде күні таңертең) Лас-Вегастағы Palms Casino Resort кешенінде өтеді.
Айта кетейік, Жәнібек бұл кездесуде орта салмақта IBF және WBO белбеулерін қорғайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу