Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жекпе-жекке шақырды. Ол бұл туралы X желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Менімен күш сынасуға "Канелоның" ғана батылы жететін сияқты. "Канело", ақпанда жұдырықтасайық. Менің дивизионымдағы чемпиондар жекпе-жекке шығуға қорқады. Әлемге жақсы боксты көрсетейікші", – деп жазды Әлімханұлы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу