Жәнібек Әлімханұлы қарсыластарын қатты ұрмауға бекініп отыр

Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы осындай шешімге келген. 

Жәнібек Әлімханұлы қарсыластарын қатты ұрмауға бекініп отыр Фото: penalty.kz

Ол мұның себебін де айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екі тұжырым бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы чемпиондарға "жақсылық жасауды" бастамақ. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. 

– Оларды спаррингте қатты ұрмау керек еді. Қарсыластардың қорыққаны жақсы ғой, бірақ қашқаны біраз жоспарды құртып жіберді. Бұл оқиғалардың бәрі – "Қазақ стилінің" тарихындағы елеулі сәттер. Біз тоқтамаймыз, 2 белбеу – қолда, екеуі – жолда. Жорық жалғаса береді, – деді боксшы. 

Еске салайық, Жәнібек жуырда ғана мансабында жеңілмеген жаңазеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) 9-раундта құлатқан еді. Жекпе-жекте Аустралияның Сидней қаласында өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу