Жәнібек Әлімханұлы қазақстандықтарға қатты ұнайтын уәде берді

​Кәсіпқой боксшы 23 қаңтар күні Данияның Хорсенс қаласында Якоб Банкпен жұдырықтаспақ.

Жәнібек Әлімханұлы қазақстандықтарға қатты ұнайтын уәде берді Фото: жеке парақшасынан

Сол жекпе-жекте "Қазақ стилі" екінші орта салмақта әлем чемпионы атануды көздейтінін жасырмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаза кетейік, қос боксшы бос тұрған WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласады. 

“Біз қарсыласымызды зерттеп, оның осал тұстарын анықтадық. Енді жұмыс істеп, тыңғылықты дайындалатын уақыт келді. Оның өз жерінде барын салатынын білеміз! Жаңа салмақ дәрежесі. Жаңа деңгей. Үш айдан кейін екі салмақта әлем чемпионы атанамын!” – деді боксшы X әлеуметтік желісінде.

WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеу британдық Хамза Шираз титулды қорғау жекпе-жегінен бас тартқаннан соң бос қалды.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2025 жылдың сәуірінде Ануэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңді. Сол жылы ол WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы керек болған, десе де қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған зат анықталды. Сол себепті, IBF одан чемпиондық белбеуін алып қойды, ал WBO бір жылға дисквалификациялаумен шектелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу