Жәнібек Әлімханұлы нокаутпен жеңіске жеткені үшін қанша ақша алатыны белгілі болды

388

5 сәуір күні Астанада өткен жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы француз Анауэль Нгамиссенді 5-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы WBO және IBF титулдарын қорғап қалды.  

Жәнібек Әлімханұлы нокаутпен жеңіске жеткені үшін қанша ақша алатыны белгілі болды Фото: Жеке парақшасынан

Бұл кездесу Жәнібек үшін мансабындағы ең табысты жекпе-жек болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның кепілді гонорары 500 мың долларды құрады. Сонымен қатар, ақылы трансляцияның (PPV) сатылымы жоғары деңгейге жетсе, оған 3 миллион долларға дейін қосымша төлем уәде етілген.

Нгамиссен де жүлдесіз қалмады. Ол Жәнібекпен жекпе-жекке шыққаны үшін 350 мың доллар көлемінде базалық гонорар алды. Егер PPV сатылымдары 700 мың доллардан асып кетсе, оның табысы 900 мың доллар немесе одан да көп болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу