4 қазанда Сиднейде (Аустралия) Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайловичке қарсы кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы екі бірдей чемпиондық атақтарын қорғайды.
"Мен тек 4 қазанға емес, чемпиондарға да дайындалып жатырмын. Олардың есімдерін ұмытып та кеттім – орта салмақта чемпиондардан кім бар еді? Чемпиондар, 5 қазанда сендерден келісімшарт күтемін", – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі ресми парақшасында.
Орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара, ал WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Доминикан Республикасының кәсіпқой боксшысы Карлос Адамес саналады.