28 жастағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионы 30 жастағы америкалық Роб Брантты жеңді. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) шоудың андеркартында өтті. Осы бокс кешінің басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) жапониялық Масаши Накатанимен (19-1, 13 КО) кездеседі.
Жекпе-жек орта салмақ дәрежесінде өтті және он раундқа есептелді. Алтыншы раундта Әлімханұлы америкалықты нокдаунға жіберді. Ал сегізінші раундтан кейін Брант жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Әлімханұлы үшін бұл он жекпе-жектегі оныншы жеңіс және мерзімінен бұрын аяқталған алтыншы жекпе-жек. Осы уақытқа дейін 26 мәрте жеңіске жеткен Брант алтыншы жеңілісіне ұшырады.
Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы өнер көрсететін орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) тиесілі.
Ермұхамед Мәулен