Жәнібек Әлімханұлы шілде айында Карлос Адамеспен кездесуі мүмкін

278

Отандасымыз қарсыласын нокаутқа жіберемін деп уәде берді.

Жәнібек Әлімханұлы шілде айында Карлос Адамеспен кездесуі мүмкін Фото: inbusiness.kz

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBC чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жек туралы келіссөздер жүріп жатқанын растады. 

Жекпе-жектің өту мерзімі ретінде биылғы шілде айы қарастырылып жатыр. Бұған дейін кездесу АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтуі мүмкін деген сыбыс шыққан. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес биыл өз титулдарын бір реттен қорғап үлгерді.

Ақпанда доминикандық боксшы жеңіліп көрмеген британдық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 KO) жекпе-жекте тең түсті және белбеуін сақтап қалды. Ал Жәнібек Әлімханұлы сәуір айында Астанада өткен жекпе-жекте француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) 5-раундта нокаутқа түсірді.

Қазіргі таңда Карлос Адаместің міндетті қарсыласы бар. Ол  6 мамырға дейін қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен келісімге келуі керек. Алайда, әдетте бокс ұйымдары чемпион басқа чемпионмен жекпе-жек өткізетін болса, міндетті қарсыласпен жұдырықтасу міндетті емес. 

Келіссөздердің нәтижесін күтеміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу