Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден сәтті өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жәнібек Әлімханұлының салмағы 72,38 келі болды. Андрей болса 72,54 келі салмақпен шығады. IBF ережесіне сәйкес, қазақ боксшысы 4 қазанда таңертең тағы бір рет салмақ өлшеу рәсімінен өтеді. Жәнібек орта салмақта IBF және WBO нұсқасындағы екі белбеуін де қорғайды.
Айта кетейік, екі боксшы шілде айында жұдырықтасуы керек болған. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшы салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалған болатын. Нәтижесінде, жекпе-жек кейінге шегерілген еді.