Қазақстандық боксшы әлем чемпионы, америкалық Деметриус Андрадемен (31-0, 19 КО) жекпе-жек өткізетінін мәлімдегенімен, оның орнына бразилиялық Эскива Фалькаомен (29-0, 20 КО) жекпе-жек өткізу туралы хабарлама алған. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) қарсы кездесу өткізуге біраз уақыт бергенімен, бұл титулдық жекпе-жек өтпейді деп сеніммен айта аламыз. Америкалық боксшы орта салмақ дәрежесінен өтетін болды. Ал қазақстандық боксшы басқа қарсыласымен белбеу үшін жұдырықтасады. Бұл Әлімханұлының жұмысын айтарлықтай жеңілдетті.
Андраде – өте қауіпті қарсылас. Оның жеңіске жетуге мүмкіндік беретін өзіндік тамаша мәнері бар. Деметриус рингте керемет жұмыс істейді, техникалық тұрғыдан алғанда да өте мықты. Мұндай азулы қарсыласпен кездессе Әлімханұлы біраз қиындықтарды бастан өткерер еді.
Алайда бұл текетірестің өтуі қиын. Себебі америкалық боксшы табыс табу үшін бағытын өзгертпек. Ал Жәнібек титул үшін күресетін қарсыластың тағайындалуын күтеді. Оның келесі қарсыласы бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) болуы мүмкін. Ол әлеуметтік желіде Әлімханұлымен сөзге келіп қалды. Дегенмен қазақстандық боксшының кіммен кездесетінін WBO жақын арада жариялайтыны анық. Әзірге ұйым қос тарапқа келісімге келуге уақыт берді.
Әлімханұлы белбеу үшін күреседі. Бар мәселе қарсыласқа келіп тіреледі. Фалькаомен келісімге келсе, қазақстандық боксшы тағы бір әлем чемпионына қарсылас атанбақ. Эскива Жәнібекке біраз қиындық тудыртады деп ойлау әбестік болар. Себебі ол біздің боксшыдан кейбір көрсеткіштер бойынша әлсіздеу.
Жәнібек қарсыласына үнемі қысым көрсетіп, қарсыласына қарсы шабуылдар жасатқызбауы тиіс. Сонда бразилиялық боксшы іркіліп, шешуші соққыны жіберіп алып, кездесу мерзімінен бұрын аяқталуы бек мүмкін. Жәнібек – сауатты боксшы, нағыз кәсіпқой. Ал ол өз мансабындағы ең маңызды жекпе-жекте жеңіске жетуге барын салары анық.
Ермұхамед Мәулен