WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен орны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
RingPolska хабарлауынша, қазақстандық былғары қолғап шебері 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін Top Rank бокс кешінде рингке қайта оралмақ. Қарсыласы әлі белгісіз.
Дегенмен келесі қарсыласы Әлімханұлымен бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде сөзге таласып жүрген сол салмақтағы WBC титулының "уақытша" иегері доминикандық Карлос Адамес (23-1, 18 КО) болуы әбден мүмкін.
Екеуі де соңғы рет өткен жылы рингке шыққан. Адамес маусым айында тоғызыншы раундта америкалық Джулиан Уильямсты (29-4-1, 17 КО) тізе бүктірсе, Әлімханұлы қазан айында алтыншы раундта неміс Винченцо Гуальтьиериді (21-1-1, 7 КО) жеңді және IBF титулының иегері атанды.