Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында шамамен 1,5 миллион доллар табыс тапқан.
Осы дивизиондағы WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамес те осы шамалас табысқа кенелді. Британдық орта салмақ өкілі Хамза Шираз мансабында 1,2 миллион доллар алса, ал қазіргі чемпиондар арасындағы ең жоғары көрсеткіш кубалық Эрисланди Лараға (WBA) тиесілі. Ол шамамен 2 миллион доллар сыйақы алған.
Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті және оның 11-ін нокаутпен аяқтаған.
Жетінші желтоқсанда қазақстандық боксшы Эрисланди Лараға қарсы WBO, IBF және WBA тұжырымдары бойынша жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда кездесудің алдында Әлімханұлының допинг-сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталып, жекпе-жек тоқтатылды. Оның орнына Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен (36-5, 34 КО) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Күшін жойған бұл жекпе-жекте Әлімханұлы IBF және WBO нұсқалары бойынша чемпион ретінде 350 мыңнан 500 мың долларға дейін гонорар алуы мүмкін еді.
https://www.sports.kz/news/stal-izvesten-zarabotok-janibeka-alimhanulyi-za-karerОрта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында шамамен 1,5 миллион АҚШ доллар табыс