Осы орайда америкалық журналист Дэн Рафаэль допинг сынамасының нәтижесін жариялады.
"Шұғыл жаңалық. Мен орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлына қатысты VADA есебінің көшірмесін алдым. Онда тыйым салынған мельдоний препаратына оң нәтиже көрсетілген. Оның Эрисланди Ларамен сенбіге жоспарланған біріккен жекпе-жегі тоқтатылды, деп хабарлайды PBC. Қазіргі уақытта Эрисланди Лараға жаңа қарсылас іздестіріліп жатыр. Бұл тест туралы алғаш болып The Ring жазды. Міне, хаттың өзі", – деп мәлімдеді америкалық журналист Дэн Рафаэль Х әлеуметтік желісінде.
Ал, Premier Boxing Champions промоутерлік компаниясы жекпе-жек кешінің ұйымдастырушылары ретінде Эрисланди Лараға қарсылас 34 жастағы колумбиялық боксшы Йохан Гонсалестің (36-4, 24 KO) шаршы алаңға шығатынын хабарлады.