Қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Спортшы U13 жас санатында күміс медаль иеленді. Жарыс барысында ол Словения, Хорватия, Румыния және Сингапурдан келген қарсыластарын 3:0 есебімен жеңіп, финалға шықты.
Шешуші кездесуде Жәния Бекмұхамбетова хорватиялық Лизетт Фазекашпен ойнап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша қазақстандық спортшы турнирді екінші орынмен аяқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу