Жарысқа Аустралия, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Үндістан, Иран, Қазақстан, Корея Республикасы, Қырғызстан, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түрікменстаннан келген жас спортшылар қатысуда. Олар 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі санаттарда жекелей және жұптық сында жүлделерді сарапқа салуда.
Қазақстандық спортшылардан жарыстың екінші күні Жәния Бекмұхамбетова қола медаль жеңіп алды. Жәния турнир барысында төрт кездесуде жеңіске жетіп, жартылай финалға дейін сүрінбей жетті. Өкінішке қарай, 1/2 финал кезеңінде қарсыласына жол беріп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, Жәния бұған дейін Болгария мен Испанияда өткен турнирлерде жеңімпаз атанған болатын.
Турнирдің жүлде қоры 1000 АҚШ долларын құрайды. Жарыс 28–31 мамыр аралығында Ташкенттегі Humo Arena спорт кешенінде өтуде. Бұл турнир жас спортшыларға халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтап, өз шеберліктерін шыңдауға тамаша мүмкіндік береді.