Жәния Бекмұхамбетова Венгриядағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

219

Қазақстандық спортшы төрт елдің өкілін жеңді.

Жәния Бекмұхамбетова Венгриядағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық жасөспірімдер турнирінде қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз U15 жас санатында өнер көрсетті. Жарыс барысында ол Венгрия, Молдова, Польша және Румыния спортшыларын жеңіп, жартылай финалға дейін жетті.

Алайда финалға жолдама беретін кездесуде Қатар өкіліне есе жіберіп, турнирді үшінші орынмен аяқтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу