Ақтөбелік Жанна Үмітқұлова жарыстың финалына дейін жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық спортшы латвиялық, әлемнің 66-ракеткасы Диана Никифоровамен бірге чемпиондық атақ үшін соңғы бәсекеде ғана болгариялық Зоя Чавдарова — румыниялық Кристина Деакқа жол берді — 2:6, 3:6.
Биылғы наурызда Паттайяда (Таиланд) арбадағы теннистен BNP PARIBAS WORLD TEAM CUP командалық әлем чемпионатының Азия аймағы бойынша іріктеу кезеңі өткен болатын. Іріктеу сайысына алғаш рет Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары қатысып, бақ сынады.
Қазақстан теннис федерациясы 2022 жылдан бері елімізде арбадағы теннисті дамытуға күш салып келеді. Қысқа мерзімде Қазақстан құрамасы жасақталып, олар ел намысын қорғауда.