Жансая Әбдімәлік Әлем чемпиондары арасында үшінші болды

2440

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Швейцарияның Лозанна қаласында шахматтан әйелдер арасында өткен элиталық турнирде 3-орынға ие болды.

Жансая Әбдімәлік Әлем чемпиондары арасында үшінші болды

Жансая Әбдімәлік мұндай жоғары деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысып, Әлемнің ең үздік үш шахматшысының қатарынан табылды. Отандасымыз турнирдің қорытындысы бойынша грузиялық Нана Дзагнидзе мен ресейлік Александра Горячкинаға ұтылып, 3-орынға ие болды. Екі шахматшы да 11 ұпайдан иеленгенімен, қосымша көреткіштерге байланысты грузин қызы тунирдің жеңімпазы атанды. Сонымен қатар Нана Дзагнидзе рапид пен блицтен Әлем чемпионы болып табылады. Ал, Горячкина Әлем чемпиондығына үміткер.

Қазақстандық шахматшы осы турнирде ТОП-10-дыққа енгендер арсынан рейтинг бойынша ең төменгі орында еді. Бірақ, оған қарамастан Жансая барлығы 6,5 ұпай жинап, тек жарыс жеңімпазына ғана ұтылды.

Айта кету керек, бұл турнирге классикалық жарыстан төрт Әлем чемпионы қатысты. Олар қазіргі Әлем чемпионы қытайлық Жу Вендзуй (9-орын), ресейлік Александра Костенюк (11-орын), болгариялық Антоанета Стефанова (6-орын), украиналық Мария Музычук (8-орын). Жансая Әбдімәлік Әлемнің үздік шахматшыларымен өткізген 4 партияның екеуін жеңіспен аяқтап, Костенюк пен Стефанованы жеңсе, қалған екі ойында қарсыластарымен тең түсті.

Турнирге рапид пен блицтен Әлем чемпионы украиналық Анна Музычук пен қазіргі Еуропа чемпионы Алина Кашлинская да қатысты. Жансая осы екі ойыншымен өткізген ойындарды тең нәтижемен аяқтады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу