Жапон балуандары тағы жылады

594

Финалда француздар Жапонияны 4:3 есебімен жеңді.

Жапон балуандары тағы жылады Фото: sportball24.com

Француз дзюдошысы жапондық Олимпиада чемпионы Хифуми Абенің аңызға айналған жеңістерінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Кеше Парижде дзюдодан аралас командалық жарыстардан турнир өтті, онда Франция командасы чемпион атанды. Финалда француздар Жапонияны 4:3 есебімен жеңді.

Жекпе-жектердің бірінде француз дзюдошысы Джон-Бенджамин Габа және жапондық екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абе кездесті. Бұл кездесудің бас фавориті жапон болса да, француз спортшысының пікірі басқаша болды. Нәтижесінде, 4 минут 50 секундтық қосымша уақытта Джон-Бенджамин жеңіске жетті.

Бірнеше күн бұрын Хифуми 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада чемпионы атанды, осылайша өз атағын қорғады. Бірақ аралас командалық жарыстарда ол жеңе алмады.

Осылайша, француз дзюдошысы 2019 жылдан бері жалғасып келе жатқан аңызға айналған дзюдошының жеңістер сериясын үзді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу