Жапония Азия елдеріне мұнай сатып алуға көмектесу үшін 10 млрд доллар бөледі

314

Ақшалай қолдау елдің халықаралық ынтымақтастық банкі арқылы көрсетілмек.  

Жапония Азия елдеріне мұнай сатып алуға көмектесу үшін 10 млрд доллар бөледі Фото: russiajapansociety.ru

Жапония билігі Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) мүшелеріне мұнай сатып алуға көмектесу үшін 10 млрд доллар бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

NHK телеарнасының хабарлауынша, сәрсенбі күні Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи тиісті шешімді Азиядағы нөлдік шығарындылар қоғамдастығы қатысушыларымен өтетін онлайн-саммит барысында мәлімдеген. Бұл жиынға АСЕАН елдерімен қатар Токио да қатысады.

Белгілі болғандай, қаражат Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі (JBIC) арқылы бөлінеді. Бұл шараның негізгі мақсаты – Азия елдеріндегі өндірістік базаны сақтау. Осылайша Жапония медицина саласына қажет пластикалық бұйымдардың, соның ішінде диализ кезінде қолданылатын құралдар мен медициналық қолғаптардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуді көздеп отыр.

БАҚ-тың мәліметінше, Токио мұнай сақтау жүйесін құру тәжірибесімен бөлісуге ниетті. Жапонияда мұнай жеткізілімі жыл соңына дейін тұрақты негізде сақталады деп бірнеше мәрте айтылған. Таяу Шығыстағы дағдарыс басталғалы бері елдегі мұнай қоры шамамен 254 күнге жетеді деп есептелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу