Жапонияда өткен V Азия пара ойындарында Қазақстан 50 медаль жеңіп алды

148

18-24 қазан аралығында ұйымдастырылған құрлықтық дода ресми түрде өз мәресіне жетті.

Жапонияда өткен V Азия пара ойындарында Қазақстан 50 медаль жеңіп алды Фото: gov.kz

24 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында V Азия Пара ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өткен жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы 50 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 12 алтын, 16 күміс және 22 қола жүлде бар. Осы нәтижемен отандастарымыз жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.

Биылғы Азия Пара ойындарында Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 150 спортшы қорғады. Бір аптаға созылған жарыста отандастарымыз пара дзюдо, пара велоспорт, пара жүзу және өзге де спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды.

Қазақстанды параспортшылар арасынан Актолқын Сейілбекова, Зарина Раифова, Наиль Ермұханбет және Анастасия Калаус алтын медаль жеңіп алып, ел қоржынының толығуына үлес қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу