Жарты жылда Қазақстанда 7,3 млн тонна мұнай қайта өңделді

1673

"ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг" АҚ алғашқы жартыжылдық бойынша отын өндірісінің  қорытындысын шығарды.

Жарты жылда Қазақстанда 7,3 млн тонна мұнай қайта өңделді

2017 жылдың қаңтар-маусым айларында Атырау мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ), Шымкент МӨЗ және Павлодар мұнай-химия зауыты (МХЗ) 7,3 млн тонна мұнайды қайта өңдеген, бұл энергетика министрлігінің жоспарынан 8,7 мың тоннаға артық көрсеткіш. Осы турасында "ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Компания мәліметінше, АМӨЗ-де алты ай ішінде 2,5 млн тонна мұнай, ПМХЗ-да 2,6 млн тоннадан астам мұнай және ШМӨЗ-де 1,9 млн тонна мұнай (20.03-пен 27.04 аралығындағы жоспарлы күрделі жөндеуді есепке алғанда) қайта өңделген.

Осы уақыт ішінде өндірілген автобензин энергетика министрлігінің жоспарынан 19,3 мың тоннаға өсіп, 1,5 млн тонна болған. Өндірілген дизельдік отын (ДО) 2,1 млн тоннадан асқан (жоспардағыдан 4,6 мың тонна артық), авиакеросин шамамен 111,3 мың тонна болған.

Еске сала кетсек, энергетика министрлігінің болжамы бойынша, 2017 жылы үш МӨЗ-де өңделетін мұнай көлемі 14,5 млн тонна болады. 2019 жылы үш мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылғаннан кейін мұнай өңдеудің көлемі 14,5 млн тоннадан 17,5 млн тоннаға дейін жетеді. Атырау мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) және Павлодар мұнай-химия зауыты биыл пайлануға берілуі тиіс, ал Шымкент МӨЗ 2018 жылы іске қосылады.

Салалық ведомстводағылардың айтуынша, жаңғыртудан кейін еліміздің отын мен ЖЖМ-ға деген сұрынысы отандық МӨЗ-бен жабылады. Еліміз Ресейден келетін бензин, ДО және авиаотын бойынша импортқа тәуелді болудан арылады. Сонымен бірге барлық үш зауыттағы қайта өңдеу көлемі орташа есеппен алғанда 63%-дан 83%-ға дейін артады. Еуро-4 және Еуро-5 бензинімен бір деңгейдегі экологиялық К-4 және К-5 өнімін шығару қолға алынады. Еліміздің бензин мен басқа да мұнай өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндігі пайда болады. Авиакеросинді өндіру ПМХЗ және АМӨЗ есебінен арттады.  

Гүлназ Ермағанбетова, Құралай Әбілғазина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу