Жарты жылда қазақстандықтар 1 трлн теңгеге ипотекалық несие алған

404

Бұл туралы сарапшылардың талдауында айтылған.

Жарты жылда қазақстандықтар 1 трлн теңгеге ипотекалық несие алған Фото: freepik

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы биылғы бірінші жартыжылдық бойынша ипотека нарығына талдау жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талдауда көрсетілгендей, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ипотекалық нарық жыл басындағы баяу қарқыннан кейін қалпына келді. Берілген жаңа ипотекалық несиелер көлемі 1,0 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғыға қарағанда 24,9%-ға артық.

"Бұл ретте өсім жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалар сегментіне ғана тиесілі. Мұнда негізгі өсімді Отбасы банкі қамтамасыз етті. Нәтижесінде ипотекалық несиелеу бойынша нарықтық шоғырлану артып, ал екінші деңгейлі банктер ұсынатын нарықтағы ипотекалық өнімдері үлесі азаюын жалғастырды. Бұл нарықтың мемлекеттік қолдауға тәуелділігін арттырады", – дейді сарапшылар.

Сатып алу-сату мәмілелерінің саны 191,8 мыңға дейін өсті, бұл 2024 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4,3%-ға жоғары. Бұл өсімге БЖЗҚ-дан алынған қаражат ықпал етті: 782,9 млрд теңге. 

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының хабарлауынша, сатып алу-сату құрылымындағы ипотека мәмілелерінің үлесі азайған. Былтыр 84% болса, қазір 66%-ға дейін түскен. 

"Бұл БЖЗҚ-дан аударымдар көлемінің артуымен және халықтың бір бөлігінің табысының артқанымен байланысты. Олар жоғары пайыздық мөлшерлемелерге байланысты үйді ипотекаға емес, өз қаражатымен алғанды құп көреді", – делінген талдауда.

Сарапшылар үшінші тоқсанда ипотекаға деген сұраныс біршама төмендейді деп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу