Жарылыс зардабы дұрыс бағаланып жатыр ма?

3501

Арыс қаласында жарылыстардан зақымданған кей үйлердің қожайындары құрылысшылар жасаған қорытындымен келіспейді.

Жарылыс зардабы дұрыс бағаланып жатыр ма?

Нақтырақ айтқанда, кейбір арыстықтар үйлерінің жөнделуіне қарсы. Айтуларынша, жойқын жарылыстан қабырғалар сетінеп, төбесіндегі ағаштары сынып, жөндеуге жарамай қалған баспаналарды мамандар "күрделі жөндеу жасалу қажет" деп қортынды шығарып кетіп жатыр екен. Мәселен, күшті жарылыстың салдарынан 9-секторда орналасқан Гүлжан Бейісбекованың үйінің шатыры жылжып, есік-терезелерін қиратқан. Қабырғалары да қатты жарылыпты. Бірақ бір айдың ішінде үйіне түрлі құрылысшы мамандар төрт келіп, түрлі қортынды шығарып кеткен. Яғни бірі "үй сүріліп қайта салынады"  десе, енді бірі күрделі жөндеу жүргізу керек екенін айтады екен.

Ал, Гүлжанның көршісінің үйіне құрылысшылар келіп, есік-терезе орнатып беріп жатыр. Алайда үй иесі жөндеу жұмыстарын тоқтатуды талап етіпті. Терезе қоюшылар сөзіне құлақ түрмегеннен кейін, баспанасының жөндеуге жарамайтынын айтып, қайта салып беруін сұрап штабқа кетіпті.

Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі 9-сектордың штабына барып мұндай шағымдардың көп екеніне көз жеткіздік. Төмендегі видеода штаб басшысы Руслан Ахметов, кезекті арызданушыға үйі неге сүрілмей, жөнделетінін түсіндіріп жатыр.

 Осы орайда, штаб басшысы арыстықтарды қауесеттерге сеніп, даурыға бермеуге шақырып отыр.

"Егер, мамандар бұзылады деп үй иесіне қорытынды шығарып, қолына қағаз ұстатып кетсе, ол үй қайта қарауға жатпайды. Міндетті түрде бұзылады", – дейді ол.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу