Жас қазақстандық теннисші ATP Challenger Tour турнирінде дебют жасады

217

Заңғар Нұрланұлы турнирдің ұйымдастырушыларынан жарысқа қатсыуға арнайы шақырту алған.

Жас қазақстандық теннисші ATP Challenger Tour турнирінде дебют жасады

Астанада өтіп жатқан дәстүрлі Президент кубогы аясында теннистен ATP Challenger Tour санатындағы халықаралық турнир қызу жалғасуда. Жарыс еліміздегі кәсіби теннистің дамуына серпін беріп қана қоймай, жас спортшыларға үлкен теннис әлеміне қадам басуға мүмкіндік сыйлап отыр.

Турнир ұйымдастырушыларының арнайы шақырту аған 17 жастағы қазақстандық жас дарын Заңғар Нұрланұлы челленджер деңгейіндегі жарысқа алғаш рет қатысты. Бұл оның кәсіби аренадағы дебюті болды.

Алғашқы айналымда Заңғар аса тәжірибелі қарсыласқа - Литваның теннис жұлдызы Ричардас Беранкиске қарсы кортқа шықты. Беранкис - 2007 жылғы US Open жасөспірімдер турнирінің чемпионы, бір кездері ATP рейтингінде 50-орынға дейін көтерілген, қазіргі таңда 387-сатыда тұрған спортшы. 

Ойын барысында Заңғар шеберлік пен батылдық танытқанымен, тәжірибе үлкен рөл ойнағаны сөзсіз. Қос сетте де 2:6, 2:6 есебімен Беранкис жеңіске жетті. Десе де, жас қазақстандықтың Challenger деңгейіндегі алғашқы қадамы жоғары бағаланды. Ол ересектер арасындағы бәсекеге бейімделу бағытында алғашқы тәжірибе жинады.

Айта кетейік, Беранкис бұған дейін де Қазақстанда бірнеше рет сәтті өнер көрсеткен. Атап айтқанда, 2014 жылы Астанадағы Президент кубогында, ал 2017 жылы Шымкент Challenger турнирінде топ жарған болатын.

Президент кубогы 16-тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу