14 жастағы қазақстандық теннисші Ахмади Маханов 2025 жылдың қорытындысы бойынша Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) "Үздік шетелдік ойыншы" атағын иеленді. Ол бұл марапатты Еуропа одағына кірмейтін елдер арасындағы спортшылар ішінде жеңіп алды.
Маусым барысында қазақстандық теннисші Стокгольмде өткен Король кубогында жекелей сында чемпион атанды. Сонымен қатар жұптық сында Авеню кубогы, Тим Эссон және Брселав Оупен турнирлерінде жеңімпаз атанды. Бұдан бөлек, ол Tennis Europe аясында өткен турнирде жекелей сында финалға дейін жетті.
Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Ахмади Маханов қазіргі таңда Team Kazakhstan академиясында жаттығады.