Жасанды интеллект қателігі полицияны аяғынан тік тұрғызды

119

АҚШ-та Anthropic компаниясының жасанды интеллекті сынақ кезінде Филадельфия полициясына хабарлама жіберіп, ашылмаған кісі өлтіру ісіне қатысты ақпарат білетінін мәлімдеген. 

Жасанды интеллект қателігі полицияны аяғынан тік тұрғызды Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмеген, деп жазады inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.

Жасанды интеллект полицияға жолдаған хабарламасында: "Бұл іс бойынша менде ақпарат болуы мүмкін", – деп жазған.

Кейін жүйе қылмыс болған кезде оқиға орнында болған және күдіктінің сипаттамасына сәйкес келетін адамды есіне түсіргенін айтқан.

Алайда хабарламада байланыс деректері көрсетілмеген. Соның салдарынан полицияның жүйесі өтінішті спам ретінде белгілеген. Яғни полиция жалған хабарламаны бірден байқамаған.

Оқиға шілде айының ортасында болған. Полиция бұл жағдай туралы бірнеше айдан кейін ғана білген. Ведомство ақпараттың кеш жетуін "қолайсыз жағдай" деп бағалаған. Ал Anthropic компаниясы оқиғаны қыркүйек айының соңында сынақ нәтижелерін қайта тексеру кезінде анықтаған.

Сынақ барысында жасанды интеллектке интернеттегі түрлі сайттарға кіріп, тапсырмаларды орындау мүмкіндігі берілген. Жүйеге сайттарда аккаунт ашуға және сатып алу жасауға тыйым салынған. Бірақ онлайн-формаларды толтырып, жіберуге шектеу қойылмаған.

Осы олқылықтың салдарынан жасанды интеллект АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайты арқылы америкалық виза алуға арналған 20 өтінім де жіберген.

Бұл жағдай жасанды интеллектке интернетте әрекет етуге мүмкіндік берген кезде оның қандай ақпарат жіберетінін және қандай операциялар орындай алатынын қатаң бақылау қажет екенін көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу