Жасанды интеллектінің жаппай енгізілуінен адамдар жұмыссыз қалмай ма?

405

Мемлекеттік органдардың жұмысына жасанды интеллект белсенді енгізілмек. 

Жасанды интеллектінің жаппай енгізілуінен адамдар жұмыссыз қалмай ма? Фото: computerworld.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жасанды интеллект мемлекеттік органдардың қызметіне қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер министрден "Мемлекеттік органдардың барлығында жасанды интеллект енгізілетіні айтылды. Демек көптеген міндеттер жасанды интеллектке жүктелетін болады. Осыған байланысты мемлекеттік қызметкерлердің штаты қысқара ма? Осындай болжам бар ма?" деп сұрады. 

"Бірден айтайын, қанша қызметкер қысқартылатынына байланысты болжам жоқ. Бірақ мұнда мына нәрсені түсіну қажет. Жасанды интеллект технологиялары ең әуелі (адамдарды) қайталана беретін тапсырмаларды орындаудан босатады. Оларды жасанды интеллект орындайды. Осылайша қызметкерлер жоғары интеллектті қажет ететін, шығармашылық жұмыстармен айналысуға мүмкіндік алады. Біз мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырғымыз келеді. Қызметкерлердің саны 20-30 пайызға қысқарады деп айту қиын. Колл орталықтар бар орындарда қанша қызметкерлерді босатуға болатынын анықтауға болады. Себебі олар үшін қоңырауларды оқытылған, арнайы жасанды интеллектер қабылдап, жауап беретін болады", – деді Жаслан Мәдиев.

Журналистер мемлекеттік қызметшілердің белгілі бір бөлігі босатыла ма деп нақтылады. 

"Қазір қолмен жасалатын аналитикалық талдаулар жасанды интеллектің көмегімен жүзеге асырылатын болады. Бұл біздің әріптестерімізді артық жұмыстан арылтып, азаматтармен тиімді коммуникация жасауға көметеседі", – деді Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу