Қос қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды

271

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошылар Еркен Бекәлі мен Фатима Сұпығалиева топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Қос қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Еркен Бекәлі финалда Ауғанстан спортшысы Башир Кадириден басым түсіп, алтын медаль иегері атанды.

Ал 52 келіге дейінгі салмақта күрескен Фатима Сұпығалиева ақтық сында Қырғызстан өкілі Милена Боруболотовамен күш сынасып, иппон әдісімен айқын жеңіске жетті.

Осылайша, екі қазақстандық спортшы Азия ойындарының чемпиондары атанып, ел қоржынына қос бірдей алтын медаль салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу