Қазақстандық қыздар D тобында үш кездесуін де жеңіспен түйіндеді.
Қазақстан құрамасы Өзбекстан мен Иран командасын 3:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.
Бүгін әлемдегі мықты құрамалардың бірі – Аустралияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Алдымен Ясмин Дүйсембаева Силлек Муземаны 6:2, 6:4 есебімен қапы қалдырды. Тамина Сәкен де Джексон Керессаның осал тұсын тапты – 6:4, 6:4.
Жұптық сында ғана Мәриям Нұржан / Дүйсембаева Музема / Керессаға жол берді – 3:6, 2:6.
Марат Шәріповтің шәкірттері өз тобынан ширек финалға бірінші орынмен шықты. 5 сәуір күні Қазақстан Корея құрамасымен ойнайды.