Жастар арасында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

2296

Жеребе тарту рәсімі Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының штаб-пәтерінде өтті. 

Жастар арасында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

Футболдан ерлер бөлімінің басшысы әрі УЕФА директорының орынбасары Лэнс Келли Қазақстан құрамасының жетонын алғаннан кейін, біздің команда "I" іріктеу тобына түсті.

Қайрат Нұрдәулетовтің шәкірттеріне Шотландия, Түркия, Бельгия және Дания құрамалары қарсылас атанды. Іріктеу кезеңінің матчтары 2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың маусымына дейін жоспарланған. Тоғыз іріктеу тобының жеңімпаздары және екінші орын алған командалардың ішіндегі ең жоғары көрсеткішке ие бір команда финалға тікелей шығу құқығын ие болады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарады.

Екінші орын алған қалған 8 команда 2022 жылдың қыркүйегіне жоспарланған плей-офф ойындарына қатысып, қалған төрт жолдаманы сарапқа салады. 2023 жылдың жазында жастар арасындағы Еуропа чемпионатын қабылдайтын Грузия мен Румыния құрамалары іріктеуден өткен үздіктерге қосылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан жастар құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жаттықтырушылар штабының міндеті қосалқы құрамның ойыншыларын ііріктеу болды. Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері көктемде құрлық біріншілігінің іріктеу кезеңін бастайды. Негізгі құрамның оқу-жаттығу жиыны мен ойындары ФИФА белгілеген мерзімде өтеді.

21 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов оқу-жаттығу жиынын қорытындылады:

"Біріншіден, жағдай жасаған үшін Қазақстан футбол федерациясына рахмет. Жігіттерді бізге жібергені үшін мен Қазақстанның Бірінші лигасы командаларының жаттықтырушылары мен спорт директорларына алғыс айтамын. Біз Бірінші лигада ойнайтын жігіттер туралы көп білмедік. Сондықтан жаттықтырушылармен байланысып, кімге мүмкіндік беру керектігін талқыладық. Бұл оқу-жаттығу жиынында біз ең алдымен жастар құрамасына үміткерлердің деңгейіне, олардың ойынды қалай түсінетіндігіне көз жүгірттік. Бұл жиынның мақсаты Бірінші лигада ойнайтын ойыншыларға шолу жасау болды. Барлығы ойдағыдай өтті, маған жігіттер ұнады. Алда бізді тағы бір жолдастық ойын күтіп тұр. Содан кейін біз қайтадан командалардың жаттықтырушыларымен ақылдасып, келесі оқу-жаттығу жиынына өзін жақсы көрсеткен ойыншыларды шақыратын боламыз.

Бүгін қосалқы құрамның ойыншылары елордалық "Астанамен" жолдастық матч өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу