Жастар құрамасы таланттардың бәрін жинады

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2657

Қазақстан жастар құрамасы сапына дәл қазір көзге түсіп жүрген жас таланттарымыздың бәрі шақыртылды.

Жастар құрамасы таланттардың бәрін жинады Фото: kff.kz

Қазақстан жастар құрамасы (U-21) маусым айының бірінші жартысында екі ойын өткізеді. Екеуі де – 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасы аясындағы матчтар. Атап айтқанда, 6 маусым күні Тофтирде Фарер аралдары жастарымен додаға түседі. Ал, маусымның 11-нен 12-іне ауған түні Подгорицада Црна Гора таланттарымен кездеседі.

Осыған орай, 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының бапкерлері 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің алғашқы екі ойынына 23 футболшы шақыртыпты. Олардың арасында Болгария, Испания және Ресейде ойнайтын футболшыларымыз да бар.

қақпашылар – Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз"), Данил Устименко ("Қайрат");

қорғаушылар – Дінмұхаммед Қашкен ("Касабланка", Испания), Нұралы Әліп ("Қайрат"), Сағадат Тұрсынбай ("Ертіс"), Талғат Кусяпов ("Каспий"), Рауан Орынбасар ("Жетісу"), Нияз Шугаев ("Шахтер"), Лев Скворцов ("Астана");

жартылай қорғаушылар – Жан-Әли Пайруз, Геворг Наджарян, Дмитрий Бачек (бәрі де – "Шахтер"), Сұлтанбек Астанов, Адам Адахаджиев (екеуі де – "Қайрат"), Акмаль Бахтияров ("Сочи", Ресей), Артем Попов ("Ертіс");

шабуылшылар – Еркебұлан Сейдахмет ("Левски", Болгария), Оралхан Өміртаев ("Шахтер"), Рамазан Кәрімов, Владислав Прокопенко (екеуі де – "Астана"), Вячеслав Швырев, Артур Шушеначев (екеуі де – "Қайрат").

Резерв:

Мәди Жақыпбаев, Ильяр Саутов, Сұлтан Сағнаев (бәрі де – "Астана"), Марлен Айманов ("Қайрат"), Әлібек Қасым ("Қыран"), Гаврил Кан ("Тараз"), Эльхан Астанов ("Ордабасы").

Жаттықтырушылар құрамы: 

Александр Москаленко – аға жаттықтырушы,

Қайрат Нұрдәулетов – аға жаттықтырушының көмекшісі,

Александр Кузнецов - аға жаттықтырушының көмекшісі,

Даниил Рихард - қақпашылардың жаттықтырушысы.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу