Жастарымыз жеңіліп қалды

2428

Еуро 2021 додасының іріктеуі аясында Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында жеңіліс тапты.

Жастарымыз жеңіліп қалды

Өз тобында бірінші орында тұрған Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында Израильден жеңіліп қалды. Ойын есебін қонақтар ашып, Москаленко мен Нұрдәулетов шәкірттеріне алғашқы соққы жасады. Алайда, 22-минутта "Қайрат" ойыншысы Вячеслав Швырев таразы басын теңестірді. Ал 29-минутта Қазақстан жастары пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ, жартылай қорғаушы Акмаль Бахтияров 11-метрліктен гол сала алмады.

Матч аяқталуға жақын қалғанда қонақтардың бір шабуылы нәтижелі болып, қазақ жастары бір ұпайдан да айырылып қалды.

Қазақстан U-21 - Израиль U-21 - 1:2

Голдар: Вячеслав Швырев 22 - Эйлон Альмог 2, Томер Йосефи 83

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу